Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың "мүмкін" екінші толқынына байланысты алматылықтарға үндеу жасады.
«Коронавирустық инфекцияның күтілетін жаңа толқынына байланысты біз стандартты сақтық шараларын сақтауға, қонақтар шақырумен отбасылық іс-шаралар өткізбеуге, адамдардың жаппай жиналатын орындарына барудан аулақ болуға, қоғамдық көліктерге, шет елдерге ұшатын рейстерге аса қажеттіліксіз сапарлардан аулақ болуға кеңес береміз.
Біз қазір көршілес Ресейдегі жағдайдың қаншалықты күрделі екенін түсінеміз, Түркиядан, Египеттен, Дубайдан және Батыс Еуропадан науқастар толассыз ұшып келуде. Қазір әуе қозғалысы күрт шектелген және бұл жұмыс жалғасуда, - деді Бекшин.
Жандарбек Бекшин ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда өздігінен емделмеуге шақырды. Оның айтуынша, науқас отбасының басқа мүшелерінен оқшауланып, дәрігерді үйге шақыру арқылы медициналық көмекке жүгіну керек.
Басып шығару