Қазақстандағы бір тәулікте 307 науқас анықталды

  • 17 май, 10:34
  • Көрілім: 791

Қазақстанда өткен тәулік қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 307 адам анықталды. 
«Өткен тәулікте елімізде инфекция жұқтырған 307 науқас анықталды. Өсу көрсеткіші 5,2 пайызды құрайды», - деп мәлімдеді жауапты штаб. 
307 науқас аймақ бойынша: 

Алматы қаласы – 93, 
Шымкент қаласы – 77, 
Атырау облысы – 35, 
Нұр-Сұлтан қаласы – 32, 
БҚО – 22, 
Қарағанды облысы – 13, 
Ақмола облысы – 9, 
Түркістан облысы – 6, 
Маңғыстау облысы – 6, 
Алматы облысы – 5, 
Ақтөбе облысы – 4, 
Қостанай облысы – 2, 
Жамбыл облысы – 2, 
ШҚО – 1. 

Елімізде барлығы 6 157 адам инфекция жұқтырып, 2 980 адам жазылып шыққан. Қайтыс болғандар саны – 34 адам.
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру