Mazir
03 сен 19:30korilim:933 Қоғам

«1 минут» тележобасының таныстырылымы өтті


Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қазақ тілін насихаттауға бағытталған «1 минут» танымдық тележобасының онлайн таныстырылымын өткізді.
Шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Қаба құттықтау сөзімен ашты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» деген сөзін еске сала келіп, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні қарсаңында, Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай көрсетілетін жобаның еліміздің мәдени өмірінде елеулі оқиға болатынына тоқталды. 
 «Халқымыздың бойындағы асыл қасиеттердің алтын ұясы – ана тіліміз. Бүгінгі шара  – қазақ тіліне деген қамқорлықтың белгісі. «Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпайды» деп жатамыз, керісінше, тіл майданында аймақтардағы Тіл басқармалары, тіл патриоттары, тілі үшін шырылдап жүрген жеке тұлғалар үлкен рөл атқарады. Көрерменге жол тартып бара жатқан бұл жобаның басы-қасында болған барша әріптестеріме алғыс айтамын», – деді Тіл комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Қаба.
Астана телеарнасынан көрсетілетін «1 минут» хабарының таныстырылымына арналған жиынды жүргізіп отырған Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов «Жобаның мақсаты – кейбір сөздердің дұрыс айтылып, дұрыс жазылуына көңіл аударту, жалпы қазақ тілінде сауатты жазуға, сөйлеуге машықтандыру, тіл мәртебесін көтеру» екенін атап өтті.

Шоу туралы жоба жетекшісі, белгілі журналист Нартай Аралбайұлы ақпарат  берді:
«Қай елді қарасаң да, журналистік шоу жақсы дамыған, бізде неге жоқ деген сұрақ көптен көкейімізде жүруші еді. Тіл саясаты комитеті мен «Тіл-Қазына» орталығының бастамасы барша тіл жанашырларын қуантып тастады. Дүниежүзіндегі осы мазмұндас бағдарламалардың біразын шолып шықтық. Әрине, көзсіз көшіре салуға болмайды ғой, брейн-ринг ойыны тәсілін таңдадық. Атау қояр кезде поэтикалық атаулардан саналы түрде бас тартып, ел ішінде «1 минуттан кейін келемін» деген секілді жиі қайталанып айтылып жүрген сөзге тоқтам жасадық».
Бұдан кейін режиссер Қуаныш Кешубай түсірілім барысындағы дизайндық жұмыстардың қыр-сырына тоқталды.
Тележобаға қатысушы команда капитаны, талантты ақын, танымал ғалым Жанат Әскербекқызы түсірілім кезіндегі қызықты жәйттерді әңгімелей келе:
«Толқу болады, әрине. Алайда түсірілім барысында көңілге қуаныш сыйлаған сәттер көп болды. Бұл жұрт қызығып қарайтын, азаматтарға жақсы ақпарат беретін жоба болады деп ойлаймын», – деді. 
«1 минут» танымдық тележобасы қыркүйек айының алғашқы сенбі-жексенбі күндерінен бастап «Астана» телеарнасынан көрсетіле бастайды.
Басып шығару
lasuna brand - order diarex online cheap buy himcolin paypal

besivance cheap - buy carbocysteine where to buy sildamax without a prescription

order celecoxib 200mg generic - celebrex 100mg for sale indocin 75mg us

diclofenac 100mg generic - buy voltaren 50mg without prescription aspirin order

cheap rumalaya - purchase rumalaya purchase amitriptyline online

brand pyridostigmine - oral azathioprine 50mg azathioprine 50mg without prescription

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15