АҚШ-та Питтсбург университетінің ғалымдары коронавирусты толықтай бейтараптандыра алатын ақуыз тапты.
Ол – COVID-19-ға қарсы Ab8 препаратын жасау үшін пайдаланылған толық ұзындықтағы антиденеден 10 есе аз ақуыз қосылысы. Зерттеу Cell журналында жарияланған.
«Молекуланың кішкентай мөлшері оның тіндерге таралу қабілетін арттырады, ол вирусты жақсы бейтараптандыруға көмектеседі, сонымен қатар препаратты ингаляция арқылы енгізуге мүмкіндік береді. Препарат адам жасушаларымен байланыспайды, сондықтан жағымсыз жанама әсерлерді азайтады», - делінген зерттеуде.
Ғалымдардың айтуынша, ақуыз қосылысы иммуноглобулинмен қосылса, Ab8 түзіледі.
Басып шығару