Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина кімдерге қауіпті екенін айтты.
"Ресейде өндірілген "Спутник V" вакцинасы - аденовирусқа қарсы екі серотипке негізделген тірі векторлық вирус-вакциналар түріндегі препарат. Бұл вакцинаның созылмалы, респираторлық аурулары бар науқастарға қарсы көрсетілімдері бар. Вакцинаны жүкті әйелдерге, бала емізетін әйелдерге, 60 жастан асқан тұрғындарға қарсы көрсетілімі бар", - деді вице-министр Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.
Басып шығару