Mazir
04 авг 19:45korilim:1 913 Қоғам

Қазақстандық вакцина қыркүйекте адамдарға сынала бастайды


Ветеринария ғылымдарының докторы және коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші Лесбек Күтімбетов қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастайтынын айтты.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты наурыздың соңында алғашқы вакцинаны әзірлеуді бастаған болатын. 

«Мамырда оны тіркеу үшін ДДҰ-на жіберілді. Мемлекеттің тапсырысы — ғылыми-техникалық бағдарлама, біз бес вакцинаны әзірлеуді ұсындық», — дейді Лесбек Күтімбетов.

Ол әзірленген вакциналар бірнеше түрге бөлінетінін айтты: белсенді емес вакцина, қосалқы вакцина, екі векторлы вакцина, тірі вакцина. «Әлемде бірде-бір кәсіпорын бір жерде вакцинаның бірнеше түрін дайындамайды. Біздің институтта өте жақсы мамандар жиналды. Ең сәтті шыққаны - белсенді емес вакцина. Дәл осындай вакцина Қытайда дайындалады, олар бірнеше ай бұрын қолданысқа ене бастады, кесте бойынша озып кетті. Оны Ресейде де дайындайды», — деді ғалым.

Лесбек Күтімбетовтің сөзінше, қазір тек белсенді емес вакцина дайын, қалғандары бойынша жұмыс жасалып жатыр. Маман белсенді емес вакцина клиникаға дейінгі тәжірибеден өтіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, жануарларға жүргізілген зертханалық сынақтар сәтті өтті. Қазір зерттеу маймылдар тәжірибеден өтіп жатыр. Онымен қоса, вакцина Алматыдағы сараптама орталығында тексеріледі.

«Вакцина сұйық, түссіз, арасында кішкентай ақ тұнба бар, ол вакцинаның құрамындағы иммуностимулятор. Вакцина зиянды емес, иықтағы бұлшықетке 0,5 миллилитр көлемінде енгізіледі. Шприцпен салынады, ауырмайды. Түрлі адам бар ғой, біреуінде ісініп, қызару пайда болуы мүмкін», — деді вакцинаны әзірлеуші.

Маман вакцинаны өзіне де салдырғанын, ешқандай кері әсер болмағанын айтады. Күтімбетовтің сөзінше, қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастайды.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15