Mazir
28 авг 16:30korilim:1 017 Қоғам

Онлайн семинар өз мәресіне жетті


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ONLINEda bol жобасы аясында Тіл саясаты комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ: ТІЛ, ӘДІСТЕМЕ, НӘТИЖЕ» тақырыбында халықаралық онлайн семинарының соңғы күнінде екі шетелдік маман тілді оқытудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.  
Башқұрт мемлекеттік университеті Шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Римма Флюровна Мингазетдинова «Ағылшын тілінен қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылатын коммуникативтік дағдыларды дамытудың тиімді әдістері (Intermediate, Upper- Intermediate, Advanced деңгейлері бойынша) деп аталатын баяндамасында ағылшын тілін үйрету тәжірибесімен бөлісті. Интерактивті әдіс-тәсілдерді санамалап, ең тиімді деген, жақсы нәтиже беретін түрлеріне тоқталды. Оқытушы тілді үйретуде тыңдалымға ерекше мән беру қажеттілігіне оқытушылардың назарын аударды. Тілді үйренуде аудиохабарлама, қысқаметражды бейнефильмдерді көрудің пайдасы, күнделікті қайталау, тіл үйренушілердің өздеріне ұнайтын ақпараттарын оқыту, сөйлеуге арналған интернет ресурстарын пайдалану және тағы басқа көптеген жаңашыл идеяларымен бөлісті.    
Семинарда Түркияның Анкара қаласындағы Гази университетінің «Tömer» тілді үйрету орталығының директоры, профессор Незир Темур «Тіл үйретудің негізгі принциптері» тақырыбында баяндама жасады. Профессор өз презентациясы аясында мәселені «Нені үйрету, қалай үйрету, қашан үйрету?» деген қарапайым сұрақтардан басталатынын айта отырып, кез келген заттың, адамның  өз табиғаты болатыны сияқты тілдің өз табиғаты болады, барлық сұраққа жауапты осы тілдің өз табиғаты аясынан іздеу керек деген пікірін білдірді. Ал тілдің өзі тілдегі дыбыстардан, семантикалық мағына мен тілдік құрылымнан тұратынын, сондай-ақ грамматика мен семантиканы бірге қарастыруымыз керек деп атап көрсетті. Профессор тіл үйретудің қарым-қатынас, орта, мәдениет, салыстыру, әмбебаптылық деген параметрлерін талдай келе, халықаралық конференцияларда ең жиі қойылатын сұрақтардың бірі «Тіл үйретуде лексика мен грамматиканың қайсысына көбірек мән беруіміз керек?» деген сұрақтың шешімін былайша топшылады: «Мен, мәселен, Қазақстанда болсам, тіл білмесем, қазақша білетін сөздерімді айтам, сөздік қорым арқылы қарым-қатынасқа түсемін, мені тыңдап тұрсаңыз сіз грамматикаңызды дұрыстап айтыңыз деп тұрмайсыз, сол айтқан сөздеріммен түсінуге тырысасыз. Бұдан грамматиканың емес, сөздік қордың маңыздырақ екенін көреміз».
Тәжірибелі тіл маманы шынайы оқыту моделін құру арқылы тілді үйретудің тиімділігіне назар аудартты. Тілді оқыту барысындағы дұрыс құрылған стратегия, оқытушы мен тіл үйренушінің психологиялық дайындығы,   жүйелі сабақ, дұрыс таңдалған әдістеме оң нәтижеге жеткізетінін  баса айтты.
Қатысушылар тілді оқыту мәселесі бойынша көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оған толық жауап алды.
Семинарға қатысушылар спикерлердің әдістемелік тәжірибелеріне тәнті болып, семинар барысында өз ризашылықтарын білдіріп жатты.  
Семинарға  Zoom сервисі бойынша 300 оқытушы қатысты. Фейсбук  желісіндегі «ONLINEda bol» парақшасы арқылы 1 сағат ішінде 150 маман тыңдап үлгерді.
Сөйтіп, халықаралық семинар өз мәресіне жетті. 
Жабылу салтанатында Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Әлібек Асқар қорытынды сөз сөйлеп, баяндама жасаған шетелдік және қазақстандық әріптестерімізге   ризашылығын білдіріп, алғысхаттар мен қатысушыларға онлайн сертификаттар табыстады.
Басып шығару
lasuna price - order himcolin sale order himcolin pill

buy probenecid generic - oral carbamazepine carbamazepine 400mg for sale

order celecoxib 100mg pills - cheap urispas oral indomethacin 50mg

colospa 135mg uk - colospa 135mg tablet buy pletal 100 mg pills

diclofenac 50mg cost - order aspirin 75mg online buy aspirin generic

generic rumalaya - shallaki over the counter purchase endep pills

where can i buy mestinon - order mestinon 60mg online imuran 50mg pill

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15