Mazir
19 июл 11:29korilim:2 132 Қоғам

БҮГІН ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ

АЛМАТЫ. BAIRAQ.KZ - БҮГІН ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі Кітап Палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасы атқарып отырған айрықша қызметі мен міндеті жағынан ешбір мекемеге ұқсамайтын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне  қарайтын жалғыз мекеме. 1890 жылдан бастап күні бүгінге дейінгі жарық көрген өте сирек қолжазбалардан бастап күллі баспагерлік жәдігерлер тек қана біздің мұрағатымызда сақталып келеді. Сексен жылдан астам тарихы бар кітап палатасы соншалықты дерек көздеріне бай және сол сияқты Қазақстан Республикасындағы кез-келген баспа өнімдері тек қана осы мекеменің заңды рұқсатымен берілген  ISBN штрих кодтары арқылы ғана жарық көре алады. Аталмыш мекемені осы уақыттар ішінде қазақтың мүйізі қарағайдай жақсы-жайсаңдары басқарып келді. Мекеме ғимараты жақында ғана күрделі жөндеуден өтіп ел игілігіне қызмет атқаруда. Кітап палатасының басқару құрылымы он бөлімге бөлініп елуге тарта қызметкер белгіленген жүйе бойынша еңбек етуде. 

Бүгін іргетасы 82 жыл бұрын қаланған қасиетті қара шаңырақ Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасының туған күні! Барша әріптестерімізге толайым табыс, отбастарына амандық тілейміз!!! 

          
                     

       

                             
 Кітап палатасы тарихынан
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы  Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап Палатасы Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1937 жылғы 19 шілдедегі "Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап Палатасын құру туралы" бірлескен Қаулысы негізінде ұйымдастырылды. Кітап Палатасы 1937-1945 жылдары Қазақстаның Оқу Халық Комиссаритына, 1945-1953 жылдар аралығында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы мәдени-ағарту мекемелері басқармасына, 1953-1963 жылдары Қазақстаның Мәдениет министрлігіне, ал 1963 жылдан бастап, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспасөз жөніндегі Мемлекеттік кабинетіне бағынды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кітап Палатасы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 6 сәуір 1993 жылғы №270 қаулысымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Мемлекеттік Кітап Палатасы болып өзгертілді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің құзырында.
Қазақстанда шығатын басылымдардың жарыққа шығуына бағыт-бағдар беріп, халықаралық стандарт талабына сай тіркеуге алатын, баспа және баспасөз өнімдерін жинап, сақтайтын, статитикасын жүргізетін бірден-бір ғылыми-библиографиялық орталық болып саналады. Ғылыми-библиографиялық көрсеткіштер шығару, баспасөз статистикасын жүргізу, жүйеленген каталогтар негізінде баспаларға, мекемелерге, жекелеген адамдарға ақпараттық-библиографиялық анықтамалар беру – Кітап палатасының негізгі қызметінің бірі. Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы баспаларға және баспа өнімдерін шығаратын ұйымдарға, штрих белгілер (ISBN) беруді жүзеге асырады.
Кітап палатасының қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Баспасөз мұрағатын, мемлекеттік библиографияның, баспасөз статистикасының республикалық ғылыми орталығын құру, орталықтандырылған каталогтендіру; республика аумағында шығатын барлық баспасөз туындыларын есепке алу және ғылыми тұрғыдан өңдеу, жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, сондай-ақ кітаптарды халықаралық стандартпен нөмірлеу (International Standard Book Numbering), штрих-кодтар беру, КБЖ (кітапханалық-библиографиялық жіктеу) жөніндегі функцияны орындау болып табылады.
Кітап палатасының Баспасөз мұрағаты қорында 5 миллионға жуық баспа өнімдерінің міндетті даналары сақталуда.
  • Қазақстан Республикасында барлық мерзімді басылымдардың шығатын басылымдардың даналарын Мұрағатқа жинау, тіркеуге алу;
  • Қазақстан Республикасының Баспасөз мұрағатындағы міндетті даналардың сақталуын қамтамасыз ету, мерзімді басылымдардың туындыларын сақталуын бақылауға алу;
  • Еліміздегі ғылыми мекемелерді, кітапханаларды, ғылыммен айналасатын орталықтарды библиографиялық ақпаратпен: жылнамалар және анықтамалармен қамтамасыз ету;
  • ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының Баспасөз мұрағаты қорында мерзімді басылымдарды толықтыру және сақтау;
  • Қазақстан Республикасында шығатын баспа өнімдеріне халықаралық ISBN, ISSN, ISMN штрих-кодын беруді қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасында басылып шыққан жариялымдардың, материалдандың негізгі түрлерінің библиографиялық өңделуін жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасында шығатын мерзімді басылымдардың (газет, журнал, жалғаспалы басылым, т.б.) статистикалық есебін жүргізу;
  • Қазақстанда шығатын кітап пен журналдарға ӘОЖ (әмбебеп ондық жіктеу) индексін беру;
  • Қазақстан Республикасында 1917 жылдан бері басылып шыққан жарияланымдардың, материалдардың барлық түрлеріне, Кітап палатасының қорында 1917 жылға дейін басылып шыққан әдебиетті қамтитын каталогтар мен картотека жүйесін жүргізу;
  • Қазақстан Республикасы туралы шетел елдерде шыққан материалдарды жинау;
  • Қазақстанда алыс және жақын шет елдері туралы жарияланған туындыларды, материалдарды анықтау, есепке алу, библиографиялық сипаттама жасалған карточкаларды басқа кітапханаларға, ғылыми мекемелерге жіберу;
  • Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық орындардан, жеке тұлғалардан түскен сұраныс бойынша баспа өнімдерін алып беру;
  • Баспасөз Мұрағатында сақтаулы басылымдардың электрондық көшірмесін жасау;
  • Республиканың мерзімді басылымдар туралы ғылыми-зерттеу, білім беру ісі туралы социологиялық зерттеулер жүргізу және ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар, "дөңгелек үстелдер" ұйымдастыру;
  • Кітаптарға көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізуді ұйымдастыру.

Басып шығару
lasuna drug - diarex brand buy himcolin without a prescription

cost besivance - buy besivance generic sildamax buy online

mebeverine 135mg without prescription - order arcoxia 60mg online cheap buy pletal 100 mg pills

cost diclofenac 100mg - aspirin medication aspirin cheap

rumalaya sale - buy rumalaya medication cost elavil 50mg

buy pyridostigmine no prescription - brand pyridostigmine buy generic azathioprine for sale

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15