АӘК алатын адамдар, зейнеткерлер және студенттер, декреттегі әйелдер төлемді талап ете алмайды.
Студенттер, декреттегі әйелдер мен мемлекет жәрдемақы алатын адамдар 42 500 теңгеге өтініш бере алмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
«Біздің заңнамаға сәйкес студенттер экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа жатпайды, өйткені оларды экономикалық тұрғыдан жұмыспен қамту мүмкін емес. Егер студенттер жұмыс істесе, олар біржолғы төлем ала алады», - деп түсіндірді министр.
Басып шығару