Mazir
16 апр 21:47korilim:3 633 Қоғам

«42 500 теңгені заңсыз алсаң соттайды». Министр жауап берді


Әлеуметтік желіде «егер 42 500 теңге жәрдемақыны жұмысыңыз бола тұрып алсаңыз, 2 750 000 теңге айыппұл салынады немесе екі жылға соттайды» деген ақпарат желдей есіп тұр. Бұл қауесетке ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді. 


«42500 мың теңге алған үшін соттайды екен туралы. 

Біраз заңгерлер алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік бар екені туралы мақала, не посттар жазуда. Оны 42500 теңгеге қатыстырып келтіруде. 

Заңгерлер болғансоң заңды бізден артық біледі ғой. Олардікі дұрыс та шығар, бірақ бұл тек алаяқтарға қатысты. 

Сіз ондай емессіз ғой. Сіз ешкімді алдаған жоқсыз. 

Мен брифингтерімде, жазбаларымда айтқандай, өздеріңіз үшін - “мен жұмыс, тіршілік жасап (ресми, бейресми), ақша тауып жүр едім, енді төтенше жағдайға қатысты сол табыстан айырылдым” деп шештіңіздер ма? Кейін, мен ескерткендей, өтініш бергенде порталда төмендегі жазбаны тағыда оқып, растап, сөйтіп барып өтінішті жібердіңіз ба? Ондай болса - Сіз айттыңыз, біз сендік. Сіз алдаған жоқсыз. Біз тағайындадық, төледік. 

Сол үшін кінәлайды деп еш уайымдамаңыздар. 

Дәл мен айтқандай жасаған болсаңыздар, біздің тарапымыздан үйді аралап ешкім тексермейді. 

Бұл қайдан шыққан әңгіме дейсіздер ғой. 

Соңғы брифингте, бір жүрналист маған - мен жұмыс істеп, тұрақты жалақы алып жүрген адам 42500 теңге алғанын білемін, оны қалай өткізіп алдыңыз деп сұрады. 

Мен оған, біз өтініш беру тәртібін, халықтың сұрауы, талабы бойынша барынша қарапайымдаттық, жұмысберуші өтінішінде қызметкерлерімді ақысыз демалысқа жібердім деп көрсетті, біз оған сендік. Ал олай болмаса, жұмыс беруші жауап береді, оны біз кейін тексеріп аламыз деп жауап қайтардым. 

Брифингті көргендер растайтын шығар. Жалпы дұрыс емес пе? 

Артынша екінші сұраққа, өтініш берген халықты, үйлерін аралап тексермейміз дедім. “Сіз айттыңыз, біз сендік. 42500 алдыңыз ба, жаратыңыз” дедім. 

Солай болады. 

Сондықтан, осы жағдайда, өзіңіз үшін тағыда шешіп алыңыз - мен 42500 теңгені алдап алдым ба, жоқ па деп. Әріне жоқ. 

Олай болса Сіз ешқандай жауапкершілікке ешқашан тартылмаймыз. 

Халық 42500-ге өтініштерін еріккеннен беріп отырған жоқ. Төтенше жағдай болмасада басым халықтың табысы аз. Жалақы төмен, зейнетақы, жәрдемақы көп емес. Сондықтан біз қарапайым таза халықты артынша тексеріп жатпаймыз. 

Аман болыңыздар, өзіңізді, жақындарыңызды мына індеттен сақтаңыздар!»

Жазба Біржан Нұрымбетовтың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды. Редакциялық өзгертулер енгізілген жоқ. 

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15