ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі Төтенше жағдай уақытында кірісін жоғалтқан азаматтарға берілетін 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны екінші рет кімдер алатынын мәлімдеді.
«Мемлекеттік қордан бөлінетін жәрдемақыны екінші рет 16-сәуірге дейін өтініш білдіріп, көмек алғандар ғана ала алады», - деп жазылған министрлік хатында.
«ТЖ режимі 16-наурыздан бастап енгізілді. Бірінші ай 16-наурыз бен 15-сәуір аралығы деп септеледі. Ал екінші ай 16-сәуір мен 11-мамыр аралығы болмақ. Демек, 16-сәуірге дейін өтініш білдіріп бірінші жәрдемақыны алған азаматтар екінші рет тағы алады», - деп түсіндірді олар.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев қазақстандықтарды 16-сәуірге дейін өтініш білдіріп, көмек алғандар ғана екінші мәрте жәрдемақы алатынына сендірді.
Басып шығару