ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдаған реаниматолог дәрігер Айна Бакеевамен ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сөйлесіп, қарапайым протоколды түсіндіруді сұраы.
«Мен ол кісімен бүгін байланысқа шығып, 40 минутқа жақын сөйлестім. Мен дәрігердің жанайқайын түсіндім. Ол әлеуметтік желі арқылы көптеген дәрігерлердің өз алдына ем тағайындап, протоколдан тыс дәрілерді ұсынып жатқанына алаңдайды. Сәйкесінше, зерттелмеген дәрі-дәрмектерді қабылдаған науқастардың жағдайы нашарлап кетеді. Оған осы сұрақтармен мыңдаған қазақстандықтар жүгінеді екен», - деді Цой.
Оның айтуынша, Бакеевамен министрліктің қазіргі жаңартылған протоколы мен емдеу стандарттары жөнінде әңгімелесіпті.
«Аталмыш протокол министрлік сайтында, ақпарат құралдарында жарияланады. Ол өз мүмкіндігінше жаңа протоколды халыққа жеткізуге уәде берді. Біз өз әріптестеріміздің көмегін әрқашан қабылдаймыз. Блогерлер де, азаматтар да өз мүмкіндіктері арқылы халықты ақпараттандыруға бейілді екендерін жазып жатыр. Біз алыққа сенімді ақпарат беруге мүдделіміз», - деді министр.
Басып шығару