Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған такси пайда болуы мүмкін дейді.
Алексей Цой соңғы уақытта елдегі жедел жәрдем шақыруының саны 1,8 есе артқанын атап өтті. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтанда 2-2,5 есеге артқан. Нәтижесінде медициналық қызмет жүктемені жеңе алмай жатыр.
"Қазіргі уақытта жаңадан 807 отандық жедел жәрдем машиналарын жеткізуге келісімшарттар жасалды. Сондай-ақ, медициналық емес ұйымдардың көліктерін тарта отырып, Corona-таксиін пайдалануға енгізу бойынша шет елдердің тәжірибесі пысықталуда. Бұл ұсынылды және менің ойымша, қолдау көрсетіледі", - деді Цой.
Басып шығару