Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке және құқық қорғау органдарына дәріханалардағы бағаның көтерілуі мәселесін шешуді тапсырды.
Бұл туралы ол өзінің twitter парақшасында жазды.
"Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады," - деді Президент.
Басып шығару