Табиғатты қорғау - ұлттық маңызы бар мәселе. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жануарлардың, құстардың, балықтардың және өсімдіктердің ондаған түрлерінің жойылып кету қаупі бар екенін атап өтті. Бұл туралы ол өзінің twitter парақшасында мәлімдеді.
"Бүгін - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Биыл ол биоәртүрлілікті сақтау тақырыбына арналады. Қазақстанда жануарлардың, құстардың, балықтардың және өсімдіктердің ондаған түрлерінің жойылу қаупі бар. Табиғатты қорғау - бұл ұлттық маңызы бар мәселе ", - деп жазды ол.
Басып шығару