Қыркүйек айында жаңа оқу жылының басталуына күдік білдіретіндер қатары қалың. Бұл сұрақтың нақты жауабын Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева айтты. «Қыркүйекке дейін екі айдан астам уақыт бар. Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақтанса, науқастардың өсу көрсеткіші 2 пайыздан төмен болып, бірде-бір науқас тіркелмесе һ біз қалыпты жағдайға қайта ораламыз. Балалар мектепке, студенттер өз оқуына барады», - деді ол.
Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты мектеп оқушылары төртінші тоқсандағы сабақты онлайн оқып, соңғы қоңырау онлайн соғылды. Тек бітіруші түлектер ғана санитарлық нормаларды сақтай отырып, аттестаттарын салтанатты түрде алды.
Басып шығару