Ведомствоаралық комиссия шешімімен елдегі өндіріс пен сауда айналымын қалпына келтіру мақсатында блок-бекеттердің жұмысы 1-маусымнан бастап тоқтатылады.
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғажановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия қосымша шектеулерді сақтай отырып, блок-бекеттер жұмысын тоқтатуға шешім шығарды.
2020 жылдың 1-маусымынан бастап:
1) аймақаралық блок-бекеттер жұмысы тоқтайды. Аймақтардың бас санитар дәрігерлерінің шешімімен коронавирус инфекциясының ошағы болып табылатын аумақтарда блок-бекеттер жұмыс істеуі мүмкін.
2) темір жол тасымалы мен автобус қатынасы қалпына келтіріледі. Жолаушыларды тасымалдау Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен сақтық шараларын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс.
3) фитнес-орталықтар мен СПА-орталықтар жұмысы басталады.
4) спорт, мәдениет шаралары көрерменсіз өткізіледі.
5) мектепке дейінгі мекемелердің, қосымша білім беру орталықтарының, ғылыми-зерттеу институттарының жұмысына рұқсат етіледі.
2020 жылдың 15-маусымынан бастап санитарлық талаптарды сақтай отырып, елдегі кинотеатрлардың жұмысы қалпына келеді. Сондай-ақ, І кезеңде Оңтүстік Корея, ҚХР, Әзірбайжан бағытындағы халықаралық рейстер, ІІ кезеңде БАӘ, Германия, Турция және Таиланд бағытындағы әуе рейстері жүре бастайды.
Халықаралық әуе рейстерінің ашылуына санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты мемлекеттік шекаралардың ашылуы тікелей әсер етеді.
Басып шығару