Mazir
05 июл 17:51korilim:1 834 Onir tynysy / Қоғам

Мектепке "Алпамыс батыр" аты берілсе...

МЕКТЕПКЕ «АЛПАМЫС БАТЫР» АТЫ БЕРІЛСЕ…
     «Алпамыс батыр» республикалық қоғамдық қорының төрағасы Бауыржан Оңғарбаев мырзаның Жетісай ауданындағы №119 мектепке «Алпамыс батыр» атын беру жайлы ұсынысының жазылғанына да 2 жылдан асты. Бұл ұсынысты мектеп оқушыларының ата-аналары да, мектеп ұжымы да, тұрғындар да қолдауда. Батыр есімін беру ұсыныс хаты Елбасыдан бастап, жергілікті әкімшілік, НұрОтан партиясына да жазылған. Көтеріліп отырған игі бастама шешімін тауып жатса, өте сауапты іс болар еді. Қоғамдық қордың төрағасы Бауыржан мырза, қордың атынан мектеп алдына «Алпамыс батыр» мүсінін орнатуды, мектептің жөндеу жұмыстары мен ұстаздар мен шәкірттерді қолдап, қосымша оқыту мен жарыстарға қатысу шығынын өз міндетімізге аламыз деп отыр.
Тарих беттерінен үңілетін болсақ, Алпамыс деген батыр тарихта болған адам екендігін байқаймыз. Ол шамамен б.з.б. 110-50 жылдары өмір сүрген қолбасшы, батыр болған./3.296/ Алпамыс батыр шүршіттермен соғыста ерекше ерлік көрсеткен қолбасы. Тайчу (Тайшық хан) ғұн мемлекетін біржола жою мақсатында көшпелілер еліне бірнеше дүркін әскер аттандырады. Осы әскерге қарсы бағытталып, бірнеше аптаға созылған жойқын шайқаста Алпамыс шүршіт әскерлерін ойсырата жеңеді.Кейіннен тағы бір жойқын соғыстардың бірінде Алпамыс батыр жау қолына түсуі жыр-дастанға айналып, біздің дәуірімізге жеткен.
Алпамыс батыр әруағының алдында өз міндетімізді толық атқарып жүрміз бе? Өзбек ағайындар Алпамыс батырды ұлықтап, хал¬қын отаншылдыққа тәрбиелеу үшін жұмыс жасап жатқан жоқ па? Біз Алпамыс батырды қазақ ұлтының дең¬гейінде ұлықтауға лайықты тұлға етіп, «Пышағын қай¬раған заманға, жігеріңді қайра» демекші, оның мәртебесін ең жоғарғы дәрежеде ұлық¬тайтын кезіміз келді деп білеміз. Мұны жеке біреулердің рушылдық пи¬ғылы деп қарамай, ұлт тарихын нақтылай түсуге, шын тарихты мойындауға ұмтылу, қазақ шежіресін мойындау деп түсінген жөн. Өйткені шежіре халықтың өну, өсу тарихы. Ол заматында жазылып, ұрпаққа қолма-қол табыс етіліп, замандардан за¬манға сақталып отырған.
Осыларды ойлай келе Ал¬памыс батырдың есімін, ерлігін ұлық¬тауды бір рудың ғана деңгейінде деп бөле жарылмай, батырдың мәр¬тебесін ұлықтау ұлттық деңгейде қолға алын¬са деймін. Сонымен бірге Алпамыс батырдың хал-қымызды Қалмақ шапқыншылығынан құтқарудағы өлшеусіз ерлігін ұлықтайтын басқа да шараларды іске асырсақ әбден лайық және әр атқарылған жұмыстың тәрбиелік мәні болғанының, қоғамдық са¬намызды оятуға себі тигенінің маңыз¬дылығын ескеріп, ерлікті наси¬хат¬тайтын мәдени, және спорт т.б. шаралар қолға алынса. («Алпамыс батыр» жырын баспадан көп¬теп шығарып айналымға жіберу, әнші-жыраулардың, спортшылардың, мектеп оқушыларының жырдан үзінділерді жатқа айтудан жарыстарын өткізу, теледидар, радио арқылы жырдың орындалуын тұ¬рақты ұйымдастыру, күйтабақтар шы¬ғару т.б.) жоспарлы түрде жүргізілсе, ұрпақ тәрбиелеуде пайдасы мол болар еді. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демекші, осы орайда Батырды жан-жақты насихаттап, дәріптеп жүрген Алпамыс батыр қоғамдық қорының төрағасы Бауыржан Оңғарбаев мырзаны, Алпамыс батыр жырын жаттауды қолға алып, облыстық деңгейге көтерген Абай Балажан ағамыз бен сол іс-шараға атсалысқан Серік Сейтман мен Бақытжан ағаларға Алла разы болсын, баба әруағы қолдап-қорғап жүрсін дегім келеді.
     Биыл Нұр-Сұлтан қаласының 22 жылдығын тойлағалы отырмыз. Елімізде аты аңызға айналған аяулы тұлғаларды бүгінгі ұрпаққа танытатын игі істер атқарылуда. Дүркін-дүркін шаралардың өтіп жатуы да елдігіміздің белгісі. Күн санап ұмытылып бара жатқан батырларымызды қалай дәріптесек те жарасымды. Сондықтан осынау бейбіт заман жолында шейіт болған батырларымызды еске алып, олардың есімдерін жаңғыртып жатсақ, нұр үстіне нұр болары анық. Қазақтың батыры Алпамыс баба есімін мәңгі қалдыру үшін Бауыржан ағамыз көтеріп отырған бастама қолдау тауып жатса, аруақ алдында бәріміздің де жүзіміз жарқын болар еді. Түркістан облысы мен Жетісай ауданының басшыларынан осы игі іске қолдау күтеміз. 
Салтанат Сарманова.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15