Вакцина мәселесі қоғамдық талқыға түскен тақырыптарға айналып кеткенін білесіз. Бірақ бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба дариялап, вакцинация туралы көпшілік күтпеген мәлімдеме жасады.
«Вакцинация туралы нақты ақпаратқа құлақ асуды тағы да өтініп сұраймын.
1) Адамға екпе салу – тұлғалық профилактикалық медициналық қызмет. Бұл қызметті алуға адамның өзінің келісімі немесе оның ресми өкілінің (баланың ата-анасының) келісімі керек.
Кез келген адам (ата-ана) қарсылық таныта алады және қарсылық қабылдануы тиіс.
2) Сондай-ақ, халықты жаппай вакцинациялау – ғылыми көзқарас тұрғысынан дәлелденген инфекция эпидемияларының алдын алуға бағытталған сенімді тәсіл. Сондықтан, ол кез келген халық, кез келген қоғам үшін міндетті. Бұл – мемлекеттік денсаулық сақтаудың міндетті шарасы.
3) Егер вакцинация міндетті болмаса, онда бұл әрекетті орындауға перзентханадағы және емханадағы дәрігерлер де міндетті болмайды. Тіпті, вакцинаны мемлекет қаржысына сатып алмауымыз да ықтимал.
Жылына 4 миллионнан астам сәби түрлі ауруларға қарсы егілетін екпелерді ала алмай қалмақ», - деді министр.
Басып шығару