Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова ҚР Денсаулық сақтау министрінің экс-орынбасары Камалжан Надыровтың коронавирустан қалай емделіп жатқаны туралы пікір білдірді.
«Әрине, Камалжан Талғатұлының денсаулығын біз де, дәрігерлер де бақылап отыр. Ол емделіп жатыр. Жағдайы жақсы, біз де оның жазылып шығуына тілектеспіз. Оның емделу тәртібінде басқа науқастардан айырмашылық жоқ», - деді Қисықова.
Еске сала кетейік, бұрынғы вице-министр Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасына басшы болып тағайындалады деген күні, яғни 22-сәуірде инфекция жұқтырып, ауруханаға түскен.
Басып шығару