Нұр-Сұлтан қаласындағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген 19 азаматтың анализ қорытындысы бұл күдікті жоққа шығарған.
«Соңғы екі күнде 29 науқас анықталды. 12-сәуір күні 20 адам, 13-сәуір күні 9 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды. 19 науқас бірнеше күн бойы түрлі себеппен стационарларда жатқан. Оларды түрлі тәсілдермен тексердік», - деді басқарма басшысы Сәуле Қисықова.
Науқастарда пневмонияның белгілері мен тыныс алу барысында қиындықтар болған.
«Емдеу диагностикасы бойынша, науқасты коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікке іліндіретін – бұл компьютерлік томография кезіндегі өкпенің өзгеріске ұшырау фактісі. Егер осындай жағдай орын алса, анализді қайта өткіз керек. Біздің дәрігерлер екінші анализ арқылы азаматтардың инфекция жұқтырғанын анықтады», - деді Қисықова.