Mazir
27 апр 00:26korilim:2 200 Қоғам

«Әліппенің» жоқтығы: Вице-министр қазақша «жауап берді»


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың еңбегін көпшілік бағалап, алғыс айтып жатса, оның орынбасары Нариман Мукушев журналистерге қазақша сұхбат беремін деп ұятқа қалды. 

Қазақстан Республикасындағы қазақтар саны, 2019 жылғы санақ бойынша, жалпы азаматтар санының 63,98 пайызын құрайды. Демек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басты қызметі – осы халыққа жұмсалады. «Ұлты қазақ азамат қазақ тілін білуге міндетті» деген ауызекі талапты былай қойғанда, министрліктің екінші басшысы өзі тікелей қызмет жасайтын аудиториямен байланысатын құралды толық игеруге міндетті болуы тиіс... деген ой бар.

Күні бүгінге дейін ана тілін білмей, тақтада тақпағын ұмытқан мектеп оқушысы сияқты ұятқа қалғандар аз емес. Кейбірі «артық қыламын деп, тыртық қылды». Вице-министрдің желіде тараған видеосы екінші санатқа кіреді. 

«Және мектепте тамақ... тегін тамақ тұтынушыларға арналған... жеке... жеке банктік картасы... ол процессті жеңілтейтін.. жеңіл жолда көрсететін жана инновация. Ақшаларды пайдалануға социальный... өте жайлы өтеді. «В легком формате позволяет пользоваться». Олар қабылдауға болатын бәрін сіз сұрайды. Қабылданды ма, қабылданған жоқ па? Надеюсь, ответил на вопросы», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Мукушев. 


«Қазір біз ағылшын тілі, латын әліпбиі туралы айтып жатырмыз. Оның ұлтымызға қатысы жоқ. Егер жүрегімізді тыңдасақ, біз біртұтас елміз… Біздің балаларымыз – планета балалары. Болашақтың тілін меңгеруге тиіспіз. Жастарымыз жаңа әлемнің талабына сай болу керек. Қай елде тұрсаң, сол елдің тілін білу керек. Олай болмаған күнде қоғам қабылдамайды, шеттеп қаласың», – деген Елбасы. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың мына сөзі де бұл азаматты осып өтері сөзсіз: 

«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту». 

Елбасы ешқандай шендіні қазақ тілін білмегені үшін басынан сипаған жоқ. Демек, біз вице-министрдің ала-шұбар қазақшасынан Тұңғыш Президенттің тапсырмасы табан асты болғанын көреміз. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл мәселені айналып өткен жоқ. Турасын айтып, ірі жобалардың шетін шығарған. 

«Қазақ тілінің мәртебесі мемлекеттік тіл ретінде күшейіп келеді. Ол ұлтаралық қатынас тілі болатын кезең келіп жетті. Алайда ол үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз керек», - деп еді президент уағында. 

Президенттің бастамасын кез келген қазақ қос қолын көтеріп қолдайтынына шүбә жоқ. Күмән жоқ-ау, тек көкейде дүдамал сұрақтың сайрап тұрғаны болмаса: Қазақтың атқамінер азаматтарының кейбірі керек қылмаған қазақ тілін қай орысқа, қай неміске, қай ағылшынға үйретеміз? Тіпті, бұлай жасауға мүмкіндік туғанның өзінде осы жобаны жүзеге асырсақ, ұрпақ алдында қарабет болмаймыз ба?!

Ана тілі – әке қанымен, ана сүтімен, туған топырақ табымен, «Бесік жырымен», әже мейірімімен, атаның батасымен берілетін құдірет. Бұл – ұлттық мүдде, мемлекеттік стратегия, бұл – сенің жаның, тәнің, рухың, намысың, ұятың. 

Ана тілі, туған жер сияқты ұғымдар, қасиетті құндылықтар кез келген лауазымнан, атақтан, материалдық байлықтан, тіпті, адам өмірінен биік тұруы тиіс. Тіліңді, дініңді, жеріңді таптағалы келген жауға «абылайлап» шапқан бабаң ақымақ па, әлде кешегі қанды шеңгелде тілді сақтау үшін бір оқтың басына байланып кеткен марғасқалар кеще ме?!

Біз кейде бір мәселені кәсібилендіреміз деп адам түсінбес быламыққа, мазмұны жоқ көлдей мәтінге айналдырып аламыз. Бізде ғасырлар бойы түзілген, бір мысқал кемдігі жоқ идеология бар, оны жасаудың қажеті шамалы. Ол – ана тіліміз. Намыс та, абырой да, тарих та, мемлекет ісі де, адамдық та, өнер де, әдебиет те осы ұғымның шеңберінде. 

Біз ел басқарып жүрген азаматты тұқыртуды абырой көрмейміз. Тек қазақы жанашырлықпен ана тілінің жанына пышақ ұрғандай болған әрекеті үшін кешірім сұрауға шақырамыз. Әкесі – қазақ, анасы – қазақ азамат жігіт болса тілін үйренер, халық алдында серт етер...

Басып шығару
lasuna for sale - diarex pills buy generic himcolin online

purchase besivance eye drops - cheap carbocisteine without prescription sildamax pill

brand neurontin 600mg - neurontin 800mg for sale sulfasalazine over the counter

benemid online order - tegretol price cost tegretol

voltaren 100mg oral - diclofenac 100mg uk aspirin online buy

buy rumalaya pill - order rumalaya for sale order amitriptyline pill

buy pyridostigmine online - sumatriptan 50mg pills buy azathioprine 25mg generic

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15