Карантинге қарсы шектеу шараларын тоқтатуды талап еткен митингіге қатысқан 100 адам ұсталды. Берлиндегі бұл акцияға мыңнан аса адам қатысыпты.
Митинг «Фольксбюне» театрының алдында өткен. Шараға қатысқандарға полиция қызметкерлері тарауға бұйрық берді. Осы уақытта Роза Люксембург алаңына баратын жолдардың барлығы күзетке алынған. 200-ден астам полиция қызметкері халықты тәртіпке шақырды.
Алаңға жиналғандар полиция қызметкерлерін «арақашықтық сақта» деп келеке қылса да, өздері 1,5 метр міндетті арақашықтықты сақтамаған. Дау көтергендер арасында белгілі журналист Кен Йебсен де бар.
Қазір Берлинде дүкендер мен шағын базарлар жұмыс істеп тұр. Бұл қалада 5 607 адам коронавирус жұқтырып, 123 адам қаза тапса, 4 508 адам жазылып шыққан. Ал бас көтерген топ шектеу шаралары адам құқықтарын белден басады деп санайды.
Басып шығару