Қазақстанда бүгін инфекция жұқтырған тағы 97 азамат анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Әсіресе Алматы қаласында індет белең алып барады. Соңғы тәулікте қалада 62 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған.
Нұр-Сұлтан, Жамбыл облысы, БҚО, Қостанай облыстарында төрт жағдайдан, Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында екеуден, ШҚО-да үш, Қарағанды облысында алты, Түркістан облысында бес, Маңғыстау облысында бір жағдай тіркеліп отыр.
Қазір еліміздегі коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1949 адамға жетті.
Басып шығару