ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев карантин жарияланған қалаға кіріп-шығуға рұқсат етілетін адамдар санатын атады.
ІІМ министрінің айтуынша, келесі топқа жататын азаматтардың қалаға кіріп-шығуына ешқандай шектеу қойылмайды:
- Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындарына, егер ертерек қаладан шығып, 22-наурызға дейін үйге оралса;
- шетелден оралған Қазақстан азаматына;
- басқа аймақтардың тұрғындарына, 22-наурызға дейін шыққан жағдайда;
- өз әліне әуе қатынасы арқылы қайтатын шетел азаматтарына;
- арнайы құжаттарын көрсеткен, шетелге ем алуға бара жатқан Қазақстан азаматтарына;
- дипломаттар мен олардың отбасына;
- ұщқыштар, жүргізушілер және жүк көлігін жүргізушілерге;
- Нұр-Сұлтан не Алматы қалаларында жұмыс істеп, қала сыртында тұратындарға немесе кері жағдайдағы азаматтарға;
Барлық қатынастар қалалық штаб қызметкерлерінің қатаң бақылауында болады. Халыққа қажетті дәрі-дәрмек, басқа да тауар алып бара жатқан көліктерге рұқсат беріледі. Сонымен қатар, жүк көліктері де өз жұмысын жалғастыра бермек.
Басып шығару