ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа есеп беру кездесуінде 2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы орта есеппен 561 мың теңгеге дейін көтерілетінін айтты.
«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы, дәрігерге - 30 пайызға, орта медицина қызметкеріне - 20 пайызға өсті. Осылайша 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 561 мың теңге, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 210 мың теңге болады", - деді министр.
Сурет: u-f.ru