Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомстовның кеңейтілген алқа отырысында айтты. 2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысы екі жарым есе өседі. Алдағы үш жылда 247 мың маман жұмысына лайықты ақы алады. Жаңашылдық тек дәрігерлер ғана емес, денсаулық сақтау саласындағы барлық қызметкерге қатысты болмақ.
Еске салайық, Мемлекет басшысы биылдан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең кезеңінмен өсіруді тапсырды. Осы жылдың өзінде дәрігерлердің жалақысы 30%-ке артты. Ол үшін қазынадан 222 млрд теңге бөлінді.
Басып шығару