Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев "Жастар жылының" жабылу салтанатында:
«Студенттерге шәкіртақыны көбейту мәселесі еленбей қалып жатыр, стипендия 2016 жылдан бері көтерілмеді. Бұған объективті себептер болды. Сондықтан студенттерді қолдау мақсатында, мен, 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға стипендияны көбейту туралы шешім қабылдадым», - деді.
Президенттің айтуынша, шәкіртақының өсуі шамамен 130 мың адамға әсер етеді.
«Біз колледж студенттеріне осындай қолдау көрсетеміз. Естеріңізде болса, үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап жұмысшы мамандықтары бар 122 мың студенттің стипендиясы 30% ұлғайтылды. Менің атымнан, үкімет 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы білім алатын колледж студенттеріне стипендияны көбейтеді», - деп қосты Тоқаев.
Сейсенбіде президент «Еріктілер жылының» және «Жастар жылының» жабылу салтанатына қатысты. Ол жастарды қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауды тапсырды.
Басып шығару