Tengri Bank-тен 5,4 млрд теңге ұрланды

  • 13 ноя, 11:31
  • Көрілім: 260

Tengri Bank-тің экс-менеджерлері 5,4 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді.
Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Қаржы комитеті Экономикалық тергеу қызметінің басшылығымен Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") Tengri Bank АҚ экс-менеджерлеріне қатысты банктің 5,4 миллиард теңгеден асатын қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
"9 қарашада Алматы қаласының тергеу соты Б.А.Ілиясовқа, А.У. Жадықовқа, Н. М. Жылқыбаеваға қатысты 2 айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын таңдады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру