2019 жылы Қазақстаннан өзге мемлекеттерге 655 миллиард теңгеден астам қаражат аударылыпты. Неге?
Ұлттық Банктің мәліметіне сүйенсек, бұл қаражат 2018 жылғы көрсеткіштен 8,8 пайызға көп. Өткен жылы Қазақстаннан жалпы сомасы 655,2 миллиард теңгені құрайтын қаражат шетел асқан.
Ең көп ақша аударылған ел – Ресей (208 млрд теңге) және Өзбекстан (139 млрд теңге). Одан әрі қарай өз кезегімен Түркия (93,4 млрд теңге) және Қырғызстан (87,4 млрд теңге) орналасқан. Ал Қытайға 35,5 миллиард теңге қаражат асырыппыз.
Қазақстан Украинаға басқаларына қарағанда аз қаражат жіберген – 10,7 миллиард теңге. Армения да осы қатарда (9,4 миллиард теңге).
Басып шығару