Mazir
13 окт 13:34korilim:1 064 Ekonomika

Қомақты бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктер белгілі болды


Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қомақты бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады. 
Еліміздің Қаржы министрі келтірген мәліметтерге сәйкес, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,5 пайызға, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,8 пайызға атқарылып, 10 трлн 272 млрд теңгені құраған. Сонымен қатар, 26 млрд теңге атқарылмаған. Ал жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,5 пайызға атқарылыпты. 
Министр республикалық бюджеттің атқарылмаған қаржысына кеңірек тоқталып өтті. 

"Оның ішінде үнемдеу – 6 млрд теңге, игерілмегені – 20 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомасы мынадай орталық мемлекеттік органдарда қалыптасты: Мәдениет және спорт министрлігі, Бас прокуратура, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі. Игерілмеудің негізгі себептері - конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасасу рәсімдерінің ұзақ өткізілуі, орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау, карантиндік шектеулерге байланысты тауарларды жеткізбеу, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу", - деді министр. 

Ерұлан Жамаубаев орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жоспарланған қаражатты, сондай-ақ Үкімет резервінен бөлінген ақшаны игеруді жеделдетуі қажет екенін ескертуде. 

"Яғни, бюджеттік тәртіпті күшейту қажет. Пайдаланылмаған резервтік ақшаны осы жылдың соңына дейін бюджетке қайтаруға тура келеді", - деді ол. Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, жергілікті бюджет шығыстары 5,6 трлн теңгені құрап, атқарылмағаны 30 млрд теңгені құраған. "Ең көп игерілмеген қаржы мына өңірлерде қалыптасты: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында", - деді ол. 
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15