Республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты Tamasha TV арнасы 27-шілдеден бастап жұмысын тоқтатты. Бұл туралы корпорация мәлімдеді.
«Жаһандық пандемия бұқаралық ақпарат құралдарына да теріс ықпал етті. Қазақстандық телевизия нарығында жарнамалық кірістер азайды. Келесі жылды болжаудың өзі қиын. Осы күнге дейін Tamasha TV жарнамадан түскен қаражатпен жұмыс істеді», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Tamasha TV – 2018 жылдың 1-қыркүйегінде ашылған ойын-сауық арнасы.
Басып шығару