Mazir
10 апр 17:50korilim:1 557 Ekonomika

Жаһандық қарыз рекордтық деңгейге көтерілді


Халықаралық қаржы институты жаһандық қарыз туралы ақпарат жариялады. Халықтың, компаниялардың, қаржы ұйымдарының және барлық елдердің Үкіметінің жалпы қарызы рекордты суммаға жетті. Бұл – 255 триллион доллар. Қарыздың өсуінен ең бірінші кім зардап шекпек?

Жалпығаламдық ЖІӨ көлемі – 322 пайыз. Сарапшылар бұл көрсеткіш 2008 жылғы дағдарыстан 40 пайызға жоғары деп дабыл көтеруде. 

Қарыз өте қатты өсіп бара жатыр. 2018 жылы қарыз көлемі 3,3 триллион долларға өссе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 10,8 триллион долларға секірген. 

Қарыздың бұлай жылдам өсуінің негізгі себептерінің бірі – экономиканы жылжытуға қаржы бөлген орталық банктердің саясаты. Пайыздық үстемесі төмен несиелер инвестиция ретінде және ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында беріледі. Осының арқасында мемлекеттер, компаниялар қарызға белшесінен батуда. 

Қарыздың өсуіне себепкер екі ел: АҚШ және Қытай (бұлар жалпы өсімнің 60 пайызын құрайды). Дамушы елдерде қалыспауда. Олар 71 триллион долларға дейін қарыз алған. Ал Халықаралық қаржы ұйымы бұл қарызды алу үшін алдыңғысын өтеуге міндеттеуді сұрауда. Қайта қаржыландыру механизмі пандемия кезінде өте қауіпті көрінеді. 

Ал жыл аяғына дейін бірнеше мемлекет пен компаниялар 20 триллион доллар көлеміндегі қарызды өтеуге міндетті. Қазір орталық қаржы ұйымдары мен мемлекеттер өз қорларынан коронавируспен күресгу ірі көлемдегі қаражаттар бөлуде. Бұның аяғы немен бітері бәріне беймәлім. 

Әлемдік экономикадағы ең қауіпті фигрура – АҚШ. Қарыз елдің ЖІӨ-нің 327 пайызын құрайды, яки, 77 триллион доллар. Оның ішіндегі 24 триллион доллары – мемлекеттік қарыз. 2028 жылы АҚШ осы қарыздардың пайызын төлеу үшін ғана мемлекеттік бюджеттің бестен бірін шығындайды екен. Сұмдық!

Сонымен қатар, бұл елде бюджеттік дефицит триллион долларды иектеп тұр (ЖІӨ-нің 4,6 пайызы). Ауыр көрсеткіш. Мұндай жағдай соғыс пен оецессия жылдарынан кейін бірінші рет қайталанып отыр. Ал коронавирус АҚШ-тағы бюджеттік дефицит көлемін 3,5 триллион долларға, яғни, ЖІӨ-нің 16 пайызына дейін өсіреді деп болжануда. 

ДЕФОЛТ! Халықаралық валюта қоры экономикалық дағдарыс жағдайында дефолт көлемі 40 пайызға дейін көтеріледі деп отыр. бұл – қорқынышты көрсеткіш. Қаржылық міндеттемелер орындалмаған жағдайда не болатынын ішіңіз білсін!

«Біз жарылмаған бомбаның үстінде отырмыз және оның қашан жарыларын білмейміз. Осы уақытқа дейін болмаған дефолт толқыны бізді бір шайқап өтері анық», - деді Халықаралық қаржы институтының маманы Эмре Тифтик. 

Халықаралық валюта қоры пандемия бүкіл экономиканы мүгедек халге түсіргенін хабарлап, рецессияның басталғанын жариялады. Коронавирустың әлемге келтірген шығыны төрт триллион долларға жуықтайды. 

Ал Халықаралық қаржы институты наурыз айында қарыз көлемінің 2,1 триллион долларға өсіп, рекорд орнатқанын хабарлады. Бұл ретте барлық мемлекеттер өз экономикасын қорғау мақсатында елге қаржы тартумен белсенді айналысқан. 

Сарапшылар жаһандық қарыз жыл соңында бүкіләлемдік жалпы ішкі өнімнің 342 пайызына жетеді деп болжап отыр. Бұл соққы экономикасы қырық жаму елдердің шаңырағын ортасына түсірері анық. 

Басып шығару
lasuna canada - generic himcolin cheap himcolin

buy besivance eye drops for sale - purchase carbocisteine for sale sildamax oral

buy rumalaya online cheap - buy rumalaya pills for sale endep us

voltaren buy online - diclofenac 100mg usa buy aspirin 75mg online

order pyridostigmine 60 mg sale - buy pyridostigmine pills imuran 50mg canada

cheap diclofenac pills - cost diclofenac purchase nimodipine sale

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15