Америкалық экономист АҚШ-тың экономикалық ахуалы мен дағдарыс кезіндегі әлеуеті туралы және құнды валютаның жағдайы жөнінде пікір білдірді.
Йель университетінің Jackson Institute of Global Affairs зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Стивен Роуч күтпеген мәлімдеме жасады.
Сарапшының сөзіне сенсек, коронавирус пандемиясы Америка экономикасына қатты соққы болып тиіп, алдағы уақытта доллардың әлсіреуіне себеп болып отыр.
Сонымен қатар, кез келген уақытта валюталық баланс өзгеріп, АҚШ-та ішкі жинақ бойынша дефицит орын алуы ықтимал екен.
Роучтың айтуынша, 2021 жылы президент Дональд Трамптың саясатының әсерінен доллар түбегейлі құлайды. Сарапшы дағдарыстан шығу жолында валюта шамамен 35 пайызға дейін әлсірейді деген пікірде.
Басып шығару