Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының құлдырауы Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан сияқты мемлекеттердегі банктердің несие қауқарына әсер етуі ықтимал. Бұл туралы Moody's халықаралық рейтинг агенттігі хабарлады.
«Қазіргі мұнай бағасының құлдырауы ТМД елдерінің – Ресей, Әзірбайжан, Қазақстанның банк жүйесіне кері әсер етуі мүмкін. Өйткені, бұл дағдарыс аталған мемлекеттердің кірісі мен капиталына соққы боп тиді», - делінген агенттік хабарламасында.
Сондай-ақ, агенттік сарапшылары аталған елдердегі банктердің ахуалы бұрынғы дағдарыстармен салыстырғанда жақсы екенін айтады.
«Өтімділік пен капиталдың жоғары деңгейіне, сондай-ақ доллар деңгейінің төмендеуіне байланысты банктер қазіргі уақытта 2014-2015 жылдардағы дағдарыс кезеңіне қарағанда әлсіз болып отыр», - делінген материалда.
Сарапшылардың пікірінше, экономикалық ахуалдың шиеленісуі банк активтерінің арзандап, салымшылардың депозитіне қауіп төнуі мүмкін. Сонымен қатар, банктер инфляцияны ұстап тұру үшін несие пайызын да жоғарылатуы ықтимал.
Агенттік мұндай болжамды аталған елдердегі ұлттық валютаның мұнай бағасына сәйкес әлсіреуіне негіздеп жасаған. Жыл басынан бері теңге 18 пайызға, рубль 23 пайызға арзандапты.
Басып шығару