2020-2021 оқу жылына қазақстандық жоғары оқу орындары үшін барлығы 53 мың грант бөлінді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат аймағамбетов мәлімдеді.
«Жоғары білім үшін жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі өсіп келеді, соңғы 4 жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс 1,3 есеге ұлғайып, биыл 53 мыңнан астам грант бөлінгелі отыр», - деді министр.
Министр Білім және ғылым министрлігі еліміздегі ЖОО басшыларын оқытушылық-профессорлық құрамның жалақысын көтеруге шақыратынын жеткізді.
«Біз қазір еңбек қорынан берілетін жалақының ең төменгі мөлшерін талқылап жатырмыз. Гранттар құнының өсуімен бірге ұстаздардың жалақысы да өсуі тиіс. Кейбір жоғары оқу орындарындағы 70-80 мың теңге жалақы бар екенін айтудың өзі ұят», - деді ол.
Еске сала кетейік, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу маусым айының соңы мен шілде айының басында өткізіледі. ҰБТ-ны өткізу форматы өзгермейді, дегенмен бірқатар шектеулер болмақ. Мысалы, барлық тест тапсырушылардың дене қызуын өлшеу, алшақ отырғызу және т.б.
Басып шығару