Mazir
30 апр 18:40korilim:2 720 Ekonomika

«Тегін тесттен» теңге жасау кімнің идеясы?


Әлеуметтік желіде «Олимп» зертханаларында коронавирус тестінен өттік деген адамдардың жанайқайы тез тарап кетті. Оларды мазалаған сұрақ денсаулық турасында емес, қалтаны қағып түсетін тесттің құны еді. Жиырма мың теңгені жуықтайтын бір тесттің бағасы көптің көңілінен шықпай, даудың басына айналды. 

«Танысым Алматыдағы «Олимп» зертханасында тест тапсырды. Тест үшін 19 мың теңге, қан алғаны үшін мың теңге төлепті. Тестті қаншадан сатып алып жатырмыз? Мына бағалар қадағалана ма? Бұл тесттің бағасы мемлекеттік жәрдемақының (42 500 теңге) жарты бағасы ғой. Ал егер тесттен барлық отбасы мүшелері өтсе ше? Қайталап тест тапсыру қажет болса ше?» - деп жазды Бигелді Ғабдуллин желіде. 

Бұл пікірді желі қолданушылар бірден қолдай кетті. Тіпті, кейбірі осы жазбаның пікір алаңына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің әлеуметтік желідегі парақшаларын белгілеп жатты. 

«Мен Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының мүшесі ретінде ай сайын жалақымнан ақша төлеймін. Енді басқа елге барар кезде мен неге коронавирусқа тест тапсыруым керек? Неге ол үшін ақша төлеуім керек? Бұл тест менің денсаулығыма кепілдік бермейді ғой», - деп жазды қазақстандық Вера Захарчук. 

Бұл пікір де көптің көңіліндегі дүдәмал ойды дөп басып, әлеуметтік желідегі қазақстандықтар Бас санитардан мәселені шешуді талап етуде. 

Нақты деректерге сүйенсек, еліміздегі коронавирус тестінің бағасы 11 500 теңге мен 20 000 теңге аралығында екен. Дәл осы дереккөздер басқа мемлекеттерден келген коронавирус тесттері ауруханаларға бөлінетінін айтады. 

Қазір коронавирусты жеңдік деп әлемге жар салған Қытай Халық Республикасында коронавирус тестінің көтерме бағасы 4,30 доллар, яғни, 551 теңге. Ал жалпы нарықтағы құны – 11-12 доллар (5000 теңге шамасында). 

Ресейдегі жағдай, тіпті, халықтың көңілінен шығады. Көрші елде коронавирус тестінің бағасы нақтыланып, орта баға бекітілген. Ол – 1250 рубль, демек, 6 875 теңге. 

Ашық ақпарат көздеріндегі мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан мен Грузияда ең қымбат коронавирус тесттері сатылып жатыр екен. Грузияда бір тесттің бағасы – 134 лари. Қазақстан теңгесіне шаққандағы құны – 20 100 теңгенің айналасында. 

Біз медициналық қажеттіліктердің бір бөлігін Қытайдан алсақ, екінші бөлігін өзіміз шығарып жатырмыз. Сондай-ақ, әлемнің бірнеше мемлекеттерінен келген гуманитарлық көмек тағы бар. Қытайдан тестті сатып алған жағдайда көтерме баға үшін 5 доллардың айналасында, тасымалдау қызметінің құнымен қосқанда әр тесттің бағасы 7-8 доллардың айналасында болуы керек. Бұл – 4-5 мың теңгенің айналасы. Расында Қытайдан келетін тесттің құны 7-8 доллардан аспаса, оған зертхана қызметінің ақысын қосып 10 доллардан, яғни, 4500-5000 теңгеден сатуға әбден болады. 

Қазір Қазақстанда сатылатын коронавирус тесттерінің бағасы 11 500-20000 теңге аралығында екенін айтты. Бұл дегеніңіз 27-47 доллар. Әлем елдерінде жоқ тәжірибені пайдаланудың қандай да бір астары болуы ықтимал. Бағаны негізсіз көтеру – халықтың ашу-ызасын тудыратын дүние. 

Сонымен қатар, Үкіметтен бөлінген миллиардтаған қаражаттың қолданылуы тиіс негізгі бір бағыты – медициналық қорғаныс құралдарын сатып алу (маска, арнайы киімдер, тест, анитсептик). Ал жеке зертханалар көтерме бағамен алынған әрбір тесттің үстіне кем дегенде 3 есе бағасын қосып сатуда. 

Әлбетте, мұндай бағаға тест тапсыру бес азаматтың біреуінің ғана қолынан келеді. Оның үстіне табысынан айырылған азаматтардың мемлекеттен алған жәрдемақысы (42 500 теңге) тамақ болады ма, денсаулыққа көңіл бөлуге жете ме?

Бір үйде алты адам болса (әкесі, шешесі, төрт баласы), онда олардың бір мәрте тест тапсыруының құны 120 мың теңге болады. Табысынан айырылғандықтан отбасын асыраушылар (әкесі мен шешесі) ғана мемлекеттен 85 000 теңге жәрдемақы алды. Қалай тартсаңыз да жетпейді. 

«Сіз не деп отырсыз?! Грузияда өмір сүру деңгейі мен жан басына шаққандағы ЖІӨ Қазақстанға қарағанда бірнеше есе төмен. Грузия азаматтық соғысты бастан өткерді, онда Абхазия мен Оңтүстік Осетиядан 400 мың босқын бар», - деп пікір білдірген еді саясаткер Ермұхамбет Ертісбаев сұхбатында. 

146 миллион халқы бар, рубльдің әлеуеті теңгеден бес есе жоғары Ресейдің өзі тест құнын 5000 теңгеден асырмай отыр. Украинадағы тест құны 700 гривин шамасында, теңгеге шаққанда 10-11 мың теңге. 

Өзбекстан мен Қырғызстан да Қытайдан келген тесттерді оңтайлы пайдалануда. Өзбекстанда өзінің денсаулығына күмәнданған азамат тестті тегін тапсыра алады. 

Бұл – біздің «жетістігіміз». «Маска дефициті» елді бір шулатып еді, енді «тесттің теңгесі» де біраз тентірететін түрі бар. 

Басып шығару
lasuna pills - purchase lasuna online cheap how to buy himcolin

gabapentin pills - neurontin uk azulfidine 500mg uk

diclofenac online order - oral cambia aspirin 75mg cheap

buy generic rumalaya online - purchase shallaki pill amitriptyline 10mg us

purchase mestinon online cheap - brand imuran 50mg imuran 50mg cheap

purchase voveran online cheap - nimotop without prescription purchase nimotop pill

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15