KASE биржасының көрсеткіші бойынша доллар курсы наурыз айының ортасынан бері алғаш рет 400 теңгеден төмендеді.
Бүгін таңнан бастап доллардың құны 396,77 теңгеге төмендеді. Бұл – кешегі тәуліктегі көрсеткіштен (402,27 теңге) 5,5 теңгеге арзан.
Алматыдағы ақша айырбастау орталықтарында долларды 399-404 теңгеге сатып, 395-400 теңгеге сатып алуда.
Нұр-Сұлтанда бір доллардың құны 399-403 теңге, ал сату бағасы – 396-398 теңге.
Сонымен қатар, 3-маусым күні Brent маркалы мұнайының бір баррелінің құны 40 доллардан асты. Мұндай көрсеткіш 6-наурыздан бері алғаш рет қайталанып отыр.
Басып шығару