WTI маркалы мұнай бағасы барреліне 1 долларға сатылуда. Тіпті кешегі саудада бұл көрсеткіш 0,99 долларға дейін түскен. Артынша 1-2 доллар межесіне қайта көтеріліпті.
Біршама уақыт бұрын аталған маркадағы мұнай бағасының құны барреліне 5 долларға дейін арзандап кеткені айтылған.
Мұнай бағасының құлдырауы 6-наурыз күні ОПЕК+ Келісіміндегі мемлекеттердің ортақ шешімге келе алмауынан басталған. Ресей мұнай өндіру көлемін тәулігіне 1,5 миллион баррельге дейін қысқартуға келіспеген еді. Артынша мұнай бағасы 30 пайызға дейін арзандады.
12-сәуір күні ОПЕК+ Келісімінің экономика министрлері мамыр-маусым айларында мұнай шикізатын өндіру көлемін тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін қысқартқанымен жағдай оңалмай тұр.
Басып шығару