Түрікменстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына бақылаушы ретінде кіруге өтініш білдірді.
Елдің Сыртқы істер министрлігінің айтуынша, үкіметтің кезекті отырысында президент Гурбангулы Бердымухамедов «Түрікменстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына бақылаушы ретінде кіруі туралы» қаулыға қол қойды. Осылайша, мемлекет басшысы үкіметтік комиссияның саяси қадамын құптайтынын білдірді.
Бұл құжатты түркіменстандық тарап БСҰ бас директоры Роберт Азаведуге жіберді.
«Түрікменстанның бұл өтініші жақын арада өтетін Бүкіләлемдік сауда ұйымының Бас кеңесінде қаралады», - деп пікір білдірді түрікмен ішкі саясатының жауаптылары.
Түрікменстанның БСҰ-ға кіруі туралы мәселе 9 жыл бұрын көтерілген еді. Сол уақыттағы Еурокомиссияның басшысы Жозе-Мануэль Барроза Ашхабадқа келгенде Бердымухамедовке аталмыш ұйымға кіруге кеңес берген еді.
Басып шығару