Mazir
28 апр 18:29korilim:1 662 Ekonomika

Мақсат Халық: «Жұмыспен қамту» жол картасы – мәселенің толық шешімі емес


«Карантиннен кейінгі өмір». Мемлекет басшысы 11-мамырда елдегі Төтенше жағдай режимі тоқтайтынын жеткізді. Шектеу шаралары да біртіндеп күшін жоя бастамақ. 

Бізді не күтіп тұр? Бұл сұрақтың жауабын Bairaq.kz порталына белгілі экономист Мақсат Халық мырза айтып берді.

«Карантиннен кейінгі өмір қалай болуы мүмкін? Бұл жағдай экономикаға ауыр соққы болмақ. Көптеген компаниялар өз жұмысшыларын ақысыз демалысқа жіберді. Бұл – жағдайдың ең қарапайым көрінісі. Адамгершілігі бар бизнес өкілдері осылай жасады. 

Кәсіпкер үшін бірінші кезектегі мақсаты – қаражат табу, шығынды қысқарту. Егер шығын шығаратын фактор болса, бизнес иесі оны қысқартуға тырысады. Ең үлкен шығын еңбекақы қорынан түседі. Әлеуметтік төлем, кіріс салығы, зейнетақы жарнасы, медициналық сақтандыруға төлейтіні бар, т.с.с. Көптеген жұмыс берушілер қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберді. 

Әрине, біз ол қызметкерлер карантин біткеннен кейін қайта жұмысына оралады деген үміттеміз. Дегенмен, халыққа қызмет көрсететін орталықтар, қоғамдық тамақтану орындары карантиннен кейін қайта қалпына келу үшін біршама уақыт өтеді. Демек, азаматтардың белгілі бір бөлігі жұмыссыз қалуы ықтимал. 

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бізде 10 миллион адам еңбекке жарамды болса, 4,8 пайызы жұмыссыз екен. Қазір осы көрсеткіш 5,8 пайызға өскен, яғни, 580 мың адам жұмыссыз. Негізгі көрсеткіштер бұдан әлдеқайда жоғары. 2 миллионнан астам азамат өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр деген категорияны ішінара бөлу керек: кейбіреулер табыс тапса, енді бірі, тіпті, жұмыссыз. Жалпы жұмыссыздық деңгейін азайтып, жұмыс орындарын қарастыру керек. 

Қазіргі таңда 42 500 теңгеге 7 миллионнан астам адам өтініш білдірген. Бұл – табысы аз немесе мүлде жоқ адамдардың қатары ресми көрсеткіштерден әлдеқайда көп екенінің айғағы. Мемлекет үшін ең басты дүние – жұмыссыздардың нақты санын анықтау. Қазір «Жұмыспен қамту» жол картасы даярланып, 250 мың адамды жұмыспен қамтиды деген болжам бар. Әрине, бұл дұрыс қадам. Бірақ 250 мың жұмыссызға жұмыс тауып беру – жалпы жұмыссыздардың оннан бірін ғана қанағаттандыратын бағдарлама. 

Халықтың жалпы табысы аз. Осы жалпы табысты көтеруде негізгі тетіктерді тауып, мәселені шешу керек. Карантиннен кейін бізді дағдарыс күтіп тұрғаны белгілі. Мемлекет тарапынан 4,4 триллион теңгені дұрыс бөліп, мұқтаж нысандарға тарату керек. Қазіргі уақыттың ең басты талабы – осы». 

Басып шығару
buy lasuna for sale - cheap diarex buy himcolin for sale

buy diclofenac paypal - buy diclofenac online cheap aspirin oral

purchase rumalaya without prescription - cheap rumalaya sale amitriptyline 50mg cheap

buy pyridostigmine pills - buy azathioprine pill imuran price

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15