Mazir
25 апр 14:11korilim:2 645 Ekonomika

Марғұлан Сейсембай: Мұхтар Тайжанға хат


Белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай бірнеше күннен бері өз үйін белгісіз біреулердің торуылдап жүргенін айтып, пост жариялап келеді. Осы уақыт аралығында ол өзі туралы, кәсібіне қатысты ақпараттардың басым бөлігін халық назарына ұсынды. 

Аталған мәселеге қатысты журналистер Ұлттық кеңестің мүшесі Мұхтар Тайжанға «Марғұлан Сейсембайға неге араша түспейсіз» деген мазмұндағы сұрақ қойған. Бұған жер мәселесін көтеріп жүрген саясаттанушы Мұхтар Тайжан кәсіпкер екеуін бір ғана сурет байланыстыратынын, ақша жымқыру мәселесінде ешкімді қолдамайтынын, керісінше халық жағында болатынын айтып жауап берген. 

Бгін Марғұлан Сейсембайдың парақшасында «Мұхтар Тайжанға хат» деген пост жарияланып, көпшіліктің назарын аударды. Постта автор өзінің Мұхтар Тайжанмен қандай көмек көрсеткенін, қанша қаражат бергенін ашық айтқан. Оқырманға қолайлы болуы үшін постты қаз-қалпында жариялап отырмыз. Постта автордың Мұхтар Тайжанмен сөйлескен скриншоттары жарияланған. Артынша автор бұл техникалық қателік екенін айтып, скриншоттарды өшіріп тастады.

Қымбатты Мұхтар, қоғамымызды жақсартуға барынша тырысып, өз үлесіңді қосып жүргеніңді ескеріп, бұл постты мүлдем жариялағым келмеген.

Барлығы екеуара шешілгенін қалап едім, бірақ, өкінішке орай, сен өз әрекеттеріңмен маған басқа таңдау қалдырмай отырсың. Вотсап желісінің топтарында менің ескі видеомды, субсидиялар көрсетілген excel кестелерді, анекдот және өзге де дүниелерді таратып жүрген мен емес дейтін шығарсың? Осы еркектік пе, айтшы? Тіпті, соғыстың өзінде моральдік ұстанымдар болады. Жарайды, сені сынайтын мен емес. 

Сенің реніштеріңді біліп, келісімге келіп, осы жағдайдың алдын алу үшін сенімен кездесуге бірнеше рет әрекет жасадым, бірақ, сен барынша қаштың. (Скриншоттар сақтаулы). Сенің алдыңдағы кінәм қандай? Сенен гөрі танымал болып кеткенім бе? Еш себебін таба алар емеспін, мен саған үнемі ерекше жақсы көзқараспен қараушы едім. Әрдайым өз таныстарыма сені мақтайтынмын.

Неге сен тура қазір маған бас салғаныңды түсінбедім, әдеттегідей, хайп жасап, менің есебімнен өз абыройыңды көтеріп, өзіңнің "саяси бәсекелесіңнің" көзін құртқың келді ме әлде бұрынғы әдет бойынша сені тағы сатып алды ма?

Бірінші рет сені ФБ-те байқадым. Ол кезде сен маған ел тағдырының шын жанашыры болып көрінген едің. Кездесуде сен маған бірігіп, пияз бизнесімен айналысуды ұсындың. Сені қолдауды жөн көріп, 50/50 табыспен пияз сатып алуға 95 000$ инвестиция құйдым. Пияз бизнесінде толықтай күйіп, өз ақшамды жоғалттым. Сен менен ақша алдың, бірақ, кейінірек белгілі болғандай, Шенгелді массиві фермерлері сенен өз ақыларын алмағанын айтты. Кейін сен маған олармен соттасып, сотты жеңіп шыққаныңды жазған болатынсың. Сенің сөзіңе сеніп, әрі қарай өзіңмен араласа бердім.

Бұл менің кезекті үлкен қателігім болыпты! 

2016 жылдың сәуір айында елді жерге қатысты митингтер толқыны өтті. Халық жерді шетелдіктерге сатпауды талап етті. Сен бұл мәселеге белсенді араласып, менен көмек сұрадың. Барлық ақшаңды пияз бизнесінде жоғалтып, Америкадағы балаңның оқуы ақысын төлеуге, отбасыңды қамтуға қаражатың жоқ екенін айттың. Сонда мен саған сен жерге қатысты сұрақтармен айналысуың үшін көмек беремін дедім. 

23 сәуірде ФБ жариялаған постыңдағы тесттің бірінші – Жер митингілері кезінде мен не істедім? деген сұрағына бірден жауап берейін. 

- Жер митингілері кезінде мен халық мүддесін қорғап жүрген белсенді Жер комиссиясының жұмысына қатысып, митингте қабылдаған шешімдерді жүзеге асырсын деп, оның отбасын асырап, ұлының Америкадағы оқуының ақысын төлеп тұрдым. 

Әрі қарай. Жерге қатысты сұрақтар айтарлықтай көп болмаған соң, менен өзіңе басқа да мәселелер мен міндеттерді тапсыруды сұрадың. 

Жасыратыны жоқ, барлық мәселелермен тыңғылықты айналыстың, сенен талап етпесем де, әрбір шенеунікпен болған кездесу жайында есеп беріп отырдың. (Барлық жазысқан хаттарымыз бен әңгімелеріміз сақтаулы).

Қаржылай көмектен бөлек, сен маған жерге қатысты, одан әрі өзге де сұрақтар бойынша жүгініп отырдың. Мен, тіпті, 2019 жылдың басына дейін сенен қолымнан келер сарапшылық көмегімді аямадым.

Ал енді жауап берші маған, 2 жылға жуық уақыт бойы сенің отбасыңды асырап, ұлыңның оқуын төлеп келген мен емес пе? 

Сен менен мына сомаларды алмадым деп айта аласың ба:

24.06.2016 Мұхатардың жұбайы - Айгүлге 43 500 АҚШ доллары табысталды. 

Табыстау орны - Маркова Попова.

11.07.2016 Мұхатардың жұбайы - Айгүлге 43 600 АҚШ доллары табысталды. 

Табыстау орны - Маркова Попова.

24.02.2017 Мұхтар Тайжанның өз қолына 50 000 АҚШ дол. табысталды.

29.05.2017 Мұхтар Тайжанның өз қолына 50 000 АҚШ дол. табысталды.

27.07.2017 Мұхтар Тайжанның өз қолына 50 000 АҚШ дол. табысталды. 

Саған екі жылда 237 100 АҚШ долларын берген адаммен тайталасасың ба? 

Вотсаптағы екеуміздің арамыздағы хаттардың скриншоттарын жоққа шығарасың ба? 

Барлығын неге сұрақ формасында қойып отырмын? 

Сен маған жала жапқаның үшін сотқа беру арқылы биліктегілер сені қасақана пайдаланып, оны маған ілік етуі мүмкіндігін түсінбейді деп ойлайсың ба? Сенікі мүлдем дұрыс болмай тұрып, маған қыр көрсету үшін саған кім дем беріп отыр? Менде бары тек вотсаптағы жазысқан хаттарымыз, сен жіберген аудиолар, саған және жұбайыңа ақшаны жеткізіп берген кісілер. Ал біздің гуманистік сот бұл айғақтарды мойындамауы мүмкін. Туған анаң мен туған бауырыңмен, одан қала берсе, пияз еккен байғұс фермерлермен соттасқаныңды ескерсек, сенен бәрін күтуге болады. Елім үшін жақсы іс жасап, ең болмаса, менің көмегіме риза болар деп, жақсы адамға көмек көрсетіп жүрмін десем, керісінше, алғысының орнына сотқа тартылу қаупіне қалып отырмын. 

Рақмет саған, Мұхтар, бұл маған 332 100 (237 100 + 95 000) АҚШ долларын жұмсап, қайтарымына, алғыстың орнына өзіңе жау мен көре алмаушыны қалай тауып алуға болатынын түсіну үшін өте қымбат сабақ болды.

Расында, мен адам танымайды екем, қателіктер жіберудемін! 

Сол кезде-ақ өзіме – «Саясатпен» ұзақ жылдар бойы айналысып жүрген адам не тұрақты жұмысы, не бизнесі болмаса, қалай күн көріп жүр?» деген сұрақ қоюым керек еді. 

Қорыта келе, тестіңнің екінші – Жаңаөзен оқиғалары кезінде мен немен айналыстым? деген сұрағыңа жауап бергім келеді.

Біріншіден, мен өзімді ешқашан саясаткер атамадым. Мен инвестор, қоғам қайраткері және саяхаттаушымын және мен билікке ұмтылмаймын. 2011 жылы, Жаңаөзендегі оқиғалар кезінде, мен Алматыда болдым, сотқа күнделікті жұмысыма барғандай баратынмын және бір уақытта қазақстандық және халықаралық соттарда өзімді қорғаумен жүрдім және менде ешқайда кетпеу туралы тілхат болатын. Сондықтан, мен ол жерде заңды түрде де, дәрежеме қарай да бола алмайтын едім. Және де, мен барлық халықаралық соттарда өз кінәсіздігімді дәлелдеп шықтым, ал Қазақстанда істің тапсырыспен қозғалғандығына және тергеу тобының ауқымды жұмысына қарамастан, мені тек 2 жылға шартты түрде жауапқа тартты. Бұл ненің көрсеткіші? 

Қымбатты Мұхтар, мен сенің барлық сұрақтарыңа жауап беріп, тестіңді өттім деп ойлаймын. Енді сен менің тестімді тапсырып көр.

1. Өз отбасыңды немен асырап отырғаныңды айт? Тек бизнесмен болдым деген ертегілеріңнің қажеті жоқ.

2. Саясатпен айналыса отырып нені тәуекел еттің? Бәске не қойдың? Мен, тіпті, сенің қызметің үшін ұсталғаның туралы естімеппін. 

3. Бұл елде сен не құрдың немесе не жасадың? 

Расымен, халық саясаткері болғың келсе, ең әуелі, өз еңбегіңмен тапқан ақшаға өмір сүріп, соған қанағат етуді үйрен. 

Саясат – бұл Астанадағы кабинеттерді кезу емес. Шынайы саясат – бұл, ең алдымен, жауапкершілік, арамзалық пен бәле іздеушілік емес.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15