АҚШ-тың барлау агенттігінің қызметкерлері коронавирустың қолдан жасалғаны және таратылғаны туралы ақпаратты індете тексеруде. Президент Дональд Трамп та Қытай билігі індет туралы барлық ақпаратты түгел ашпағанын айтып, жаңа даудың шетін шығарып отыр.
Барлау қызметкерлерінің зерттеу жұмысына «Вашингтон Пост» басылымында жарияланған мақала себеп болды. Мақалада америкалық дипломаттардың екі жыл бұрын уханьдық зертхананың қаупі туралы пікірлері берілген.
АҚШ-тың жақтастары мұндай салмақты әрі жауапты мәлімдемеден бас тарта отырып, Қытай билігіне негативті сұрақтарға жауап беруді ұсынады.
«Меніңше, бұл мәселенің нақты шешіміне жету үшін өте-мөте терең сараптама жүргізілуі тиіс. Жылы жауып қоя алмаймыз. Және бұл сараптамада ғалымдар бас болуы керек. Тексеру нәтижелері туралы ақпарат барлық мемлекеттер мен ДДСҰ, тағы басқа халықаралық ұйымдарға жеткізіліп отыруы қажет», - деді Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб.
Дәл осындай даулы сұрақтарға қатысты Франция президенті күмәнді пікірін «Файеншнл таймс» журналында бастырды.
Ал Қытай билігі сараптамаға бас шұлғи келісудің орнына бұл ақпаратты барынша теріске шығаруға ұмтылуда. Кездейсоқ болуы да мүмкін емес екенін алға тартады көршіміз.
«Коронавирустың қолдан жасалуы және таратылуы туралы ақпарат бойынша Қытай позициясы айқын: бұл таза ғылыми мәселе, кәсіби мамандар тексеруі тиіс. ДДСҰ басшысы бұл ақпараттардың шындыққа жанаспайтыны туралы бірнеше рет мәлімдеме жасады», - деді ол.
Ал Қытайдың Ресейдегі елшісі вирустың Ухань қаласынан емес, ол жаққа бәз біреулердің әкелуінен таралғанын дәлелдеп бағуда.
Ухань шәрінде коронавирусты 50 300 адам жұқтырып, 3860 адам көз жұмған. Шығыс пен батыстың түсі суыта бастады...
Басып шығару