21-сәуірден бастап infoalmaty.kz пен «Сергек» берген рұқсатнамалар күшіне енеді. Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі өкіл Рустам Жүрсінов жеткізді.
Порталда тіркелген, салық органдарының мәліметтерінен аспайтын адамдардың санына өтінім берген барлық кәсіпорындар қызметтік қажеттілік бойынша еркін қозғала алады. Рұқсаттың болуын немесе болмауын порталда тексеруге болады.
Салық органдарының мәліметтерінде көрсетілген қызметкерлер мен автомобильдердің саны едәуір жоғары болатын компаниялармен оларды қысқарту бойынша жеке жұмыс жүргізеді.
«Қалада жұмыс істейтін, бірақ қалалық тіркемесі жоқ 214 кәсіпорын жүріп-тұруға және жұмысқа рұқсат алады. Өтінім бере алмаған басқа қалалардан келген компаниялар рұқсат алу үшін штабқа жүгіну қажет», - деп атап өтті Рустам Жүрсінов.