Ресей үкіметі коронавирус әсерінен әлем басына төніп тұрған қауіпті дағдарысқа дайындығын пысықтап, шұғыл жиындар өткізуде. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
«Бірнеше мемлекеттер антикризистік бағдарламалары мен өздерінің ахуалдарын тағы бір тексерістен өткізіп алып жатқаны сол. Ресей үкіметінде де бейқамдық жоқ», - деді Песков.
Ол сәуір айының соңына дейін созылатын жұмыссыз режимнің экономикаға өте үлкен соққы болғанын растап, бірақ адам өмірі әлдеқайда маңызды екенін атап өтті.
Президенттің баспасөз хатшысы экономикалық дағдарыс тақырыбына қайта оралып, Ресей тарапы ОПЕК+ келісімінің өз күшін жоюына қарсы болғанын жеткізді.
3-сәуір күні РФ президенті Путин шұғыл жиналыс ашып, мұнау саудасы жөнінде серіктестерімен және АҚШ-пен ОПЕК+ форматында жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді. Мұндағы мақсаты – мұнайдың құлдырап кеткен бағасын қалпына келтіру.
Песков Сауд Арабиясының мұнай бағасының мұнша төмендеуіне ықпал етуі мұнай қоймаларындағы қордың минималды бағаға түсуіне әсер ететінін жеткізді.
«Нәтижесінде біз ешбір елге пайдасы жоқ өте төмен мұнай бағасына тоқтауымыз ықтимал», - деп түйді Песков.