Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылды



Команда заңды түрде 2020 жылдың қаңтар айында құрылды. «Темірлан» командасының базасы Түркістан облысы, Ордабасы ауданында орналасқан. Клуб өз алаңындағы ойындарды сыйымдылығы 1000 көрермен болатын Қажымұқан стадионында өткізеді.

«Темірлан» футбол клубы Шымкентте алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, алты жолдастық кездесуді тәмамдады. Шайзидин Кенжебаев клубтың бас бапкері болып тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру