Қостанай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тобыл» футбол клубына 3 250 000 000 теңге бөлді.
Аталған суммаға клуб негізгі және қосалқы құрамды дайындап, жарыстарға қатысуды, медициналық бақылау мен жаттығуларды, кем дегенде 3 оқу-жаттығу жиындарын өткізуді, 2020 жылғы маусымда кем дегенде 30 ойын ойнауды қамтамасыз етуі шарт.
2019 жылдың қорытындысы бойынша «Тобыл» үздік үштікке іліне алмады.
Былтыр клуб директоры Николай Панин алдағы маусымның бюджетін ашық айтқан. Шамамен 8 миллион долларды құрайтын сумманың негізгі бөлігі жаңа инфраструктуралық нысандарды салуға жұмсалатынын жеткізген.
Басып шығару