«Астана» футбол клубын алдағы уақытта өткен жылы Қазақстан құрамасымен бірге жұмыс істеген чех маманы Михал Билек басқарады.
Біздің Республикамыздың ұлттық құрамасымен қатар чех мамны өз отанында Теплице, Хопс, Виктория (Пилсен), Спарта (Прага), Высочина, Фастав клубтарында жұмыс істеді. Сондай-ақ, ол Коста-Рика, Словакия, Грузия чемпионаттарында жұмыс істеген.
Чехия құрамасымен бірге Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты, Чехия жастар құрамасымен бірге ЕУРО қола жүлдесін жеңіп алды, ал «Спарта» бірге ел чемпионы атанды және Кубокты жеңіп алды.