Футболдан биыл өткен әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы - хорваттардың мақтанышы Лука Модрич Испанияда айыпты деп танылды. El Mundo басылымының жазуынша, салықтан жалтарғаны үшін Испания билігі Лука Модричті сегіз айға түрме жабу туралы шешім шығарған. Алайда Лука құзырлы органдармен келісіп, түрме жазасын айыппұлға ауыстырыпты. Айыппұлды да аз емес.
Өткен жылдың қараша айында Мадрид прокуратурасының экономикалық қылмыстармен күрес бөлімі Лука Модричті "870 мың еуро салық төлемеді" деп айыптаған. Испания заңына сәйкес, түрме жазасын айыппұлға ауыстыруға болады. Лука күні бүгінге дейін миллион еуро төлеп қойыпты, енді тағы 400 мың еуро құюы керек. Сонда ғана түрме жазасынан құтылады.
Бұған дейін дәл осындай айып жаттықтырушы Жозе Моуриньюға, футболшылар Криштиану Роналду мен Марселоға тағылған.
Басып шығару