Токиодағы Олимпиада ойындары бойынша ерлер арасындағы биіктіктен секіру сайысында бірден екі чемпион анықталды.
Биіктікке секіруден ерлер арасындағы сайысында ерекше жағдай болды. Токиодағы Олимпиада ойындарында 109 жылдан бері алғаш рет бір сында екі атлет жеңіске жетті. Жеті атлет 2.33 метрді бағындырса, 2.35 метрді бесеуі бағындырған.
Бұл тапсырманың үдесінен үш спортшы шыққан: катарлық Мутаз Барш, итальяндық Джанмарко Тамбери мен белорус Максим Недосеков. Олардың үшеуі де 2.37 метрге секірді. Дегенмен Барш пен Тамбери бұл нәтижеге алғашқы мүмкіндіктен-ақ қол жеткізді.
Бұған дейінгі нәтижелер де солай болған. Ал 2.39 метр биіктік үш спортшыға да бағынбады. Тиісінше белорус спортшысына қола медаль бұйырса, қалған екеуінің арасынан өзара жеңімпазды анықтау үшін тағы жарыс өткізу керек болды.
Алайда ұйымдастырушылардың бұл ұсынысына спортшылар: «Бәлкім екі алтын беріледі?» деп сұраған. Техникалық комитет спортшылардың бұл ойын құптады.
Басып шығару